Date of publication: 17.03.2026 09:43
Date of changing: 17.03.2026 09:44
Шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі, оған қосылған құн салығын төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай:
-қосылған құн салығын төлеушінің тұрған жерінде əкімшілік-аумақтық бірліктер шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдай;
-техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру мүмкін емес екені туралы ақпарат уəкілетті органның интернет-ресурсында расталған жағдай жатпайды.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс;
-осы Кодекстің 88-бабына сəйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрған жағдай жатпайды.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура осы Кодекстің 88-бабына сəйкес шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді тоқтата тұрудың күші жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс;
-төтенше ахуал немесе төтенше жағдай қолданылған кезең жатпайды.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура төтенше ахуал кезеңі немесе төтенше жағдайдың қолданылуы аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс. Шот-фактураны жазып берудің тəртібі мен нысанын уəкілетті орган белгілейді.