Date of publication: 08.04.2026 14:47
Date of changing: 08.04.2026 14:49
Құрметті салық төлеушілер! Сіздерге 493.00 «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» нысаны бойынша есептілікті уақытылы тапсыру қажеттілігін еске саламыз.
Ұсыну мерзімі
2026 жылдың І тоқсаны бойынша мәліметтерді ұсынудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 10 сәуір.
Есептілікті кімдер ұсынуға міндетті?
Бұл міндеттеме қызметтің келесі түрлерін көрсететін ұйымдарға қолданылады:
Сумен жабдықтау және су бұру;
Газ, электр және жылумен жабдықтау;
Қалдықтарды жинау (қоқыс шығару);
Лифттерге қызмет көрсету;
Тасымалдау саласындағы қызметтер.
Ұсыну тәртібі.
Мәліметтер орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрдеұсынылады.
Есептілік тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей тапсырылады.
Қосымша ақпарат.
Нысанды толтыру қағидаларымен және үлгілерімен www.gov.kz ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Маңызды: Әкімшілік деректерді уақытылы ұсыну әкімшілік ықпал ету шараларының алдын алуға мүмкіндік береді және салықтық мониторингтің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді.