Date of publication: 27.04.2026 11:08
Date of changing: 27.04.2026 11:30

Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткен соң төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, кейіннен кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiлерiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі.