
Егер мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тəсілдерін жəне салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаннан кейін 214 баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаның бірлескен дара кəсіпкерлік бойынша салықтық берешегі болса, осындай берешекті өтеу жөніндегі міндет бірлескен дара кəсіпкерліктің барлық мүшесіне тең үлестермен жүктеледі.
Бұл ретте 214 баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлға бірлескен дара кəсіпкерліктің барлық мүшесін бірлескен дара кəсіпкерлік бойынша салықтық берешектің бар екені жəне осындай берешектің сомасы туралы салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.




























