
Салықтық əкімшілендіру кезінде салықтық тəуекелді азайту жөніндегі шаралар алдын алу жəне бақылау шараларына бөлінеді.
Салықтық тəуекелді барынша азайту жөніндегі алдын алу шаралары салық төлеушілерді (салық агенттерін) салықтық нысандарды табыс ету, салықты жəне бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, тіркеу есебіне қою мерзімдерінің басталғаны жəне (немесе) өзге де салықтық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
Салықтық тəуекелді барынша азайту жөніндегі бақылау шаралары камералдық бақылау, электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау, салықтық бақылау жəне бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тəуекелді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып та айқындалады.
Салықтық тəуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті орган айқындайды.




























