Date of publication: 08.05.2026 15:36
Date of changing: 08.05.2026 16:25
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арнаулы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уəкілетті органмен арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға мынадай шарттар сақталған кезде:
-тауарлар еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рəсімімен орналастырылса;
-еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рəсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен аяқталса;
-Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сəйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.