
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілерді «KEDEN» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі және пайдаланылуы мәселелері бойынша дөңгелек үстелге шақырады.
2026 жылғы 13 мамырда Астана қаласында дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара аясында келесі мәселелерді талқылау жоспарланған:
сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілерде туындайтын проблемалық мәселелер;
жүйелік қателер;
«KEDEN» ақпараттық жүйесінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Спикерлер ретінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері қатысады.
2026 жылғы 13 мамыр, сағат 11:00
Астана – Қарағанды тас жолы, 45
Дөңгелек үстелге қатысу тегін, алдын ала міндетті онлайн-тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Тіркелу Instagram желісінде astana_mkd_dgd_astana парақшасының Direct бөлімі арқылы қолжетімді.
Тіркелу мерзімі — 2026 жылғы 12 мамыр сағат 17:00-ге дейін.




























