Date of publication: 08.05.2026 18:36
Date of changing: 08.05.2026 18:43
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтайды.
Бұл айтулы мереке – халықтың ерлігі, батырлығы мен бірлігінің символы. Біз ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне олардың ерлігі, жанқиярлығы және елдің бейбіт болашағына қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ұлы Жеңіс туралы естелік әрдайым отансүйгіштіктің, рух мықтылығының және Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болсын.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір мен татулық тілейміз.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!