Date of publication: 14.05.2026 15:53
Date of changing: 14.05.2026 15:54
2026 жылғы 13 мамырда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ «KEDEN» ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
 
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар кедендік әкімшілендіруге, тауарларды рәсімдеу тәртібіне және ақпараттық жүйенің жұмысына қатысты мәселелерді қарастырды.
 
Іс-шара қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері келіп түскен ұсыныстарды одан әрі пысықтау және жұмысты жетілдіру бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін тіркеді.