
Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығы (бұдан əрі осы параграфтың мақсатында - салық):
-грант алушыға - Қазақстан Республикасына грант беру туралы халықаралық шартқа сəйкес бенефициар болып табылатын жəне егер көрсетілген халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындайтын мемлекеттік органға;
-орындаушыға - грантты іске асыру мақсаттары үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға қайтарылуға жатады.




























