
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендiк декларациялау жөнiндегi маманының бiлiктiлiк аттестатын алу үшін біліктілік емтиханы 2017 жылғы 29 маусымда өткізілетіні туралы хабарлайды.
Өткізу мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 70, 306 кеңсе.
Біліктілік емтиханын тапсыру үшін оны жүргізгенге дейін 3 күн бұрын еркін нысандағы өтінішті кеден органына ұсыну қажет.
Өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) техникалық және кәсiптiк немесе жоғарғы бiлiмiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемiндегi екi түрлi-түстi фотосы қоса берiледi.
Барлық сұрақтар бойынша (7172)-77-32-53 нөміріне хабарласу қажет.