Date of publication: 23.05.2015 15:00
Date of changing: 23.05.2015 15:05

Астанада «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал» акциясы басталды

Тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда жасау мен қызмет көрсету кезіндегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Астанада "Чекті талап ет - сыйлықты ұтып ал" акциясы басталды. Акция 2015 жылдың 5 шілдесіне дейін болады және сол күні ұтыс ойындары өтеді. Бұл шараға кез келген астаналық қатыса алады.

Акцияға қатысу үшін чекті суретке түсіріп, WhatsАpp мессенджері арқылы  +7 700 500 17 17 номеріне жіберу қажет. Әрбір чекке бірегей нөмір беріледі және сол номерлер арқылы ұтыс ойнына қатысуға болады. Бағалы сыйлықтардың арасында ұялы телефондар, смартфондар, гаджеттер бар. Неғұрлым көп хабарлама жолдаған сайын, ұтысқа ие болу мүмкіндігі де арта түседі.

Айта кетейік, акцияның мынадай талаптары бар: бір суретте бір ғана чек болуы тиіс, чектің фискалдық болуы міндетті (чекте ФП, Ф, Ғ, "фискалдық" - фискал белгісі болуы керек) және чектің суретінде сауда жасалған мерзім, ЖСН - Жеке сәйкестендіру номері (немесе БСН - Бизнес сәйкестендіру номері), қорытынды сома көрініп тұруы қажет.

Сонымен қатар, егер чектер қайталанатын болса немесе акция талаптарына сай келмесе шараға қатысу мүмкін болмайды.

Егер кәсіпкерлер чек беруден бас тартса немесе кассалық аппараты болмаса акцияға қатысушылардың Астана мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласуына болады. Ол үшін ақпаратты хабарламамен жолдау керек. Хабарламада сауда орнының мекенжайы мен нысанның атауын (мүмкіндік болса ЖСН, БСН, салықтөлеушінің атауы) көрсету міндетті.

Астана қ. Бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастасөз қызметі

Анықтама алу телефондар: 8 (7172) 773125, 773243, 395054