Date of publication: 23.05.2015 15:08
Date of changing: 23.05.2015 15:09

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жас кәсіпкерлерді бірыңғай кеңес беру күніне қатысуға шақырады

Құрметті  Астана қаласының тұрғындары!

Өз кәсібін бастауды ұйғарған әрбір кәсіпкер бизнесті ашу мен жүргізуге арналған нормативті-құқықтық негіздерді түсінуде бірқатар қиындыққа ұшырайды.

Бизнесті ашуға арналған құжаттарды рәсімдеу уақыт пен ақшаны шығындап қана қоймай, лауазымды тұлғалардың есігін қағып, бюрократиялық кідірістер өз ісін бастауға кедергі келтіреді деп жас кәсіпкерлер алдын ала үрейге бой алдырады. Алайда,  бизнес ашу мен жүргізу Сіз ойлағандай қиын емес!

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті салық заңдылығын насихаттау мақсатында өз ісін бастаушы кәсіпкерлерге бірыңғай кеңес беру күні республикалық акциясын жоспарлады.

Қазақстан Республикасының салық заңдылығын насихаттау салық төлеушілерді салық төлемдеріне қатысты мәліметтермен және салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыру болып табылады.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Бірыңғай кеңес беру күні 2015 жылдың 26 ақпанынан бастап, әр бейсенбі сағат 09.00 – 18.00 аралығында өтетіні туралы хабарлайды. 

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің аудандық басқарма қызметкерлері әрбір кеңес алушыға келесі тақырыптар бойынша кеңес береді:

  • Жеке кәсіпкерлерді тіркеу;
  • Жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтату;
  • Арнайы салық тәртіптерін қолдану;
  • Бақылау-кассалық машиналар мен  POS- терминалдарды қолдану;
  • Салық есебін жүргізу үлгісін толтыру мен ұсыну тәртібі;
  • Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау;
  • Жылжымайтын мүлік пен капиталды заңдастыру.

Сонымен қатар, Сіздерді толғандырған сұрақтарға жауап аласыздар!

Акцияның өту орны:

  • Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Жұбанов көш., 16-үй, 203-кабинет;
  • Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қабанбай батыр даңғылы, 33-үй;
  • Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Республика даңғылы, 52-үй, 207-кабинет.

Байланыс телефондары: 8(7172) 39 50 54; 8(7172) 77 31 25; 8(7172) 77 31 95; 8(7172) 77 32 43

Акцияға қатысыңыз!