Date of publication: 23.05.2015 15:13
Date of changing: 16.06.2015 12:45

Астана тұрғыны «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясына қатысып, LED-теледидар ұтып алды

Астана тұрғындары арасында өткізіліп жатқан «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясының алғашқы жеңімпазы Зәуреш Өтегенова заманауи үлгідегі LED-теледидарын ұтып алды. Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов салтанатты түрде құрмет қағазы мен сыйлықты табыс етті. Департамент басшысының айтуынша, акция халықтың салықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтық белсенділігін жоғарылату мақсатында өткізіліп жатыр.

«Чекті бермеу – бұл кәсіпкерлердің негізгі кірісін қысқарту. Бұл мемлекет бюджетіне түсетін салық көлемін азайтады. Бәрімізге белгілі, мемлекет бюджетіне түскен салық есебінен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылады. Әрбір ұрылмаған түбіртек – бұл салынбай қалған мектептер, балабақшалар және ауруханалар. Бәріміз бірге көлеңкелі экономикаға қарсы күресуіміз керек. Біз акцияға қатысқан әрбір тұтынушыға алғыс білдіреміз және келесі айда ұтыс ойынына қатысушылардың саны көбейеді деп сенеміз», – дейді Ә.Сқақов.

Астана қаласының 50 жастағы тұрғыны Зәуреш Өтегенова жеке фирмада маман болып жұмыс істейді. Оның негізгі мамандығы – есепші.

«Мен өз шығындарымды біржақты ету үшін түбіртектерді жинап жүремін. Жақында ғаламтордан ерекше акцияның басталғаны туралы хабарды көзім шалды. Содан бері сауда жасаған сайын міндетті түрде чекті суретке түсіріп, акцияның номеріне жіберіп жүрдім. Сыйлық ұтқым келді, алайда, қатты сене қойғаным жоқ. Енді өз таныстарым мен туыстарымды акцияға қатысуға шақырамын. Департаменттегі акция ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін. Және мемлекеттік заңға бағынатын ҚР азаматы ретінде алған сыйлығымның бағасы есебінен 10% салық төлеуге әзірмін», – деп З.Өтегенова әсерімен бөлісті.

Биылғы жылдың наурыз айында Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясының басталғаны туралы хабарлады. Екі ай ішінде Департаменттің арнайы серверіне 2000-нан аса чектің суреті келіп түскен.

Акцияның тәуелсіз тиражды комиссиясы сәуір айының жеңімпазын анықтады. Айта кетейік, комиссияның құрамында тәуелсіз Ассоциациялар, Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, Мәслихат депутаттары және «Нұр Отан» партиясының өкілдері де бар.

Арнайы компьютерлік бағдарлама келіп түскен номерлерді айналдырды. Бұдан кейін кездейсоқ таңдау әдісімен жеңімпаздың бірегей номеріне таңдау түсті. Мамыр айынан бастап Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ай сайын акцияға қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ұтысы өткізіледі. Департаменттің акциясы қараша айында тоқтатылады. Бұл кезеңге дейінгі барлық жеңімпаз ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің акциясына жолдама алады. Акцияның қорытынды ұтыс ойыны 2015 жылдың 9 желтоқсанында өтеді.

Бұл шараға кез келген елорда тұрғыны қатыса алады. Акцияға қатысу үшiн чектi суретке түсiрiп, WhatsApp мессенджерi арқылы +7 700 500 17 17 нөмірiне жiберу керек. Чек алынған дүкен міндетті түрде Астана қаласында болуы шарт. Әрбiр чекке бiрегей нөмiр берiледi, сол арқылы тұтынушылар бағалы сыйлықтар ұтысына қатысады.