Date of publication: 23.05.2015 15:15
Date of changing: 16.06.2015 12:44

«Бизнес өкілдерімен ашық диалог – басты басымдылық»

 

2015 жылдың 16 мамырында Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде кедендік қызмет саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы кедендік рәсімдеуді оңтайландыру жұмыстарына арналды.

Департамент басшысы Ә.Сқақов өз сөзінде отырыстың басты мақсатына тоқталды.

Бұл кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсат – анықталған проблемаларды талқыға салып, кеденнің бақылау және және тіркеу қызметтерін сапалы, талапқа сай жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, кедендік қағазбастылықты жоюға бағытталған нақты тетіктерді қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Сонымен қатар, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру бағытындағы кәсіпкерлердің ұсыныстарын да қарау болып табылады.   

«Кеден қызметкеріне кедендік төлемдерді жүзеге асыру мен кедендік салықтарды төлеуде бірдей жауапкершілік қарастыру жағдайы анықталды. Кедендік рәсімдеулерге кететін уақыт көлемін азайту үшін кедендік транзиттің тәртібіне өзгеріс енгізілді. Бізге әлі көп жұмыс істеу керек»,-деді департамент басшысы А.Сқақов кедендік ресмилікті жою бағытында атқарылған жұмыстар туралы айта келе.  

Мәжіліс барысында кедендік рәсімдеулер кезінде өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі сертификатты ұсыну мәселесі қаралды. Департамент қызметкерлерінің сөздерінше, сертификаттарды беру мәселесімен техникалық реттеу саласы бойынша құзырлы орган өкілдері айналысулары керек. Сонымен қатар оны тауарды өткізу кезінде көрсету жағын ойластыру керек. Ұсыныстардың барлығы Қаржы министрлігінің Кірістер комитетіне жолданды. 

Айта кету керек, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті бүгінгі таңда қаладағы кедендік 75 компанияның уәкілдерімен, 36 уақытша сақтау қоймасы, 4 кедендік қойма, 35 жеке тауарлар сақтау қоймасы, 4 бос қойма мен 6 баж салығынсыз дүкенмен жұмыс істейді. 

Жұмысшы кездесудің қорытындылай келе, мәжіліске қатысушылар бүгінгідей кездесулерді жиі ұйымдастырып отыру керек деген байламға келді. Ал бизнес-құрылымдарының өкілдеріне кедендік процедураларды оңтайландыру мен бизнсеті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау бойынша белсенді ұсыныстар жасау керек,

 

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті