Date of publication: 30.05.2015 17:24
Date of changing: 16.06.2015 18:34

     Бүгін «Назарбаев Университетінің» спорт кешеннің аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының I-ші спартакиадасы басталды. Онда жаңа Департаменттің бірлескен құрылымдарының қызметкерлерінің басын қосатын болады. Спартакиада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығы, Қазақстан халқының ассамблеясының 15 жылдығы айтулы мерекелеріне сай орайластырылған.

                                                                          

   Спартакиадада мемлекеттік кірістер органының аймақтық, облыстық бөлімшелері, Астана және Алматы қалалары бойынша лауазымды қызметкерлерінің командалары қатысады. Спорт мерекесінің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер Комитетінің Төрағасы Ергожин Д.Е. қатысып, жарысқа түсушілерге сәттілік тіледі. 

                                                                           

        Жарыстар спорттың 6 түрі бойынша волейбол, үстел теннисі, шахмат, қазақша-күрес, жауынгер қаруынан ату және «Әке, ана және мен спорттық жанұя» конкурстары өткізілді. Жарысқа 150-ден аса адам қатысты. 2015 жылдың 31 мамыры сағ. 13-00 «Назарбаев Университетінің» спорт кешенінде спартакиаданың жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау өткізіледі.