
Бүгін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде «Салық – балалар көзімен» атты суреттер жарысының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Шара 1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында, талантты балаларды ынталандыру мен салық төлеудің маңыздылығын насихаттау мақсатында өткізілді. Іс-шараға барлығы 70 бала қатысты. Департамент басшыларынан құрылған әділ қазылар алқасы жас ерекшеліктеріне қарай орындар мен сыйлықтар тағайындады. Әр жас категорияларынан үш жеңімпаз анықталды. Олар: Букешова Адема, Сайфуллаева Аделя және Жидебеков Райымбек.

Қазылар алқасының мүшесі, Департаменттің басқарма басшысы Р. Чукалова өскелең ұрпақтың салық төлеу мәдениетінің қалыптасуына осындай сайыстардың маңызы жоғары екенін атап өтті. Сурет сайысының ең жас қатысушысы Букешова Адема мұндай сайыстарға бірінші рет қатысып тұрған жоқ.
«Мен сурет салғанды жақсы көремін. Сурет сайыстарына да жиі барып тұрамын. Мен салықтың не екенін білемін, сондықтан нені бейнелейтінімді бірден білдім»,-деді А. Букешова.




























