Date of publication: 02.10.2017 13:02
Date of changing: 02.10.2017 13:03

Астана қаласының үлескерлерінің назарына маңызды ақпарат

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі ҚР ҚК-нің 189 бабына сәйкес, «Инженерно-сервисная компания» ЖШС-ның директоры К.Жубаткановқа қатысты «Юго-восток сол жағы» тұрғын үй кешенінің құрылысының қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Анықталғандай, Астана қаласы бойынша МКД, Экономикалық тергеу қызметіне инвесторлардың  (жеке тұлғалардың) белгілі бір бөлігі осы күнге дейін қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп тану туралы тиісті мәлімдеме жасамаған.

Осыған байланысты, Астана қаласы бойынша МКД, Экономикалық тергеу қызметіне қылмыстық іс шеңберінде бұрын жүгінбеген тұлғалар «Инженерно-сервисная компания» ЖШС-ның мәселесі бойынша бірлескен қызмет туралы шарт жасасу қажет, Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 43 мекен-жайы бойынша 112, 113 бөлмелерге (Астана қаласы бойынша МКД ЭТҚ аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушілері Маулиден М. 76-79-38, Сейткеримову Е. 76-79-26) хабарласуы қажет.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті