
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті артық, қате төленген салық сомаларын, төлем және өсімпұл сомаларын есепке жатқызу/қайтару жүргізу үшін, салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдер, өсімпұлдар және айыппұлдарды есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтінішімен №20 нысанмен осы төлемдерді төлеген орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуі қажет екендігін сіздің назарыңызға жеткізеді.
Салықтық өтініш аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына салық төлеушімен ұсынылады.
Бұдан басқа, артық төленген соманы есепке жатқызуға салықтық өтінішті электронды түрде «Салық төлеуші кабинеті» web-қосымша арқылы бағыттауға болады.
Есепке жатқызу мерзімі салық органына осындай өтінішті ұсынған күннен бастап он жұмыс күнін құрайды және қайтаруды жүргізу мерзімі 15 жұмыс күні болып табылады.
Сонымен бірге, салықтөлеушілер салықтық өтінішке сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді басқа салық түрі немесе төлем бойынша бар берешек сомасына есепке жатқызуға құқығы бар. Салықтөлеуші есепке жатқызуды жүргізу үшін өтініште артық төлем сомасын, салықтың атауын және есепке жатқызу жүргізілетін БЖК, және де салықтың атауын және есепке жатқызу жүргізетін берешегі бар БЖК көрсетуі қажет.
Демек, артық төленген салық пен төлем сомаларын басқа салық немесе төлем түрі бойынша берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға болады.