Date of publication: 23.11.2017 12:53
Date of changing: 23.11.2017 12:58

Салық төлеушілердің салықтық міндеттері туралы хабарландыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, мемлекет алдындағы салық бойынша борыштарды азайту және Қазақстан Республикасының адал азаматы болуға шақыру мақсатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Өз салығыңды біл» атты акциясын бастады.

Акцияның алғашқы күні 2017 жылдың 18 қарашада қаланың «Азия Парк» сауда орталығында болды. «Өз салығынды біл» келген салық төлеушілердің саны 40-қа жетті.

Мемлекеттік крісітер органдардың қызметкерлері сауда орталықтарында салық төлеушілерді қабылдап,  жеке тұлғаларға салық салу нысандары туралы, жылдың соңына дейін төленуі тиіс салық сомалары туралы толық айтып берді.

Айта кету керек, келесі акция осы жылдың 25 қарашада «Астаналық базары» сауда орталығында, С. Сейфуллин к-сі, 47 өтеді.