
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім шарт күшіне енгені жалпыға мәлім.
Осыған байланысты, бір қатар нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Жекелегенде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (әрі қарай- ӘҚКо) келесі бабтармен толықтырылған, Кеден одағы шеңберінде салықтық міндеттерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Сондайақ, ӘҚКо 272 бабының 1 бөліміне сәйкес, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы –
ескерту жасауға әкеп соғады
Сондайақ, осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
Жеке тұлғаларға – он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, ӘҚКо 272 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақтылы төлемеуіне әкімшілік айыппұл қарастырылған:
– жеке тұлғаларға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырма пайызы, бірақ кемінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
– жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне орындалмаған салық міндеттемесі сомасының қырық пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
– iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған салық міндеттемесі сомасының елу пайызы, бірақ кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ағымдағы жылда ЕКМ 2269 теңгені құрағандығын ескерсек, бұл аз айыппұл сомасы емес.
Осыған байланысты барлық салық төлеуші импорттаушыларды уақытылы және адал ниетпен салықтық міндеттерін орындауға шақырамыз.