
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздерді «Салық және кеден заңнамасындағы тұжырымдамалық жаңалықтар» тақырыбындағы семинарға шақырады.
Семинар тақырыптары:
- Салықтық әкімшілендіру және жалпы ережелер;
- Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудағы өзгерістер;
- Корпоративтік табыс салығы. Халықаралық салық салу;
- Салық салу жеке тұлғалардың Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық;
- Жанама салықтар бойынша өзгерістер. Электрондық шот-фактуралар;
- Жаңа Кедендік кодекс;
- Банкроттық және оңалту рәсімдері қолдану үшін сотқа жүгіну негіздері.
Өткізілетін уақыты: 2017 жылдың «14» желтоқсан сағ.: 14:30 бастап 18:00 дейін.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 11. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратының акт залында өтеді.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 39-67-76
Кіру тегін.