Date of publication: 25.12.2017 08:48
Date of changing: 25.12.2017 08:51

Жыл сайын 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биылғы жылы Республикамыз егемендігінің 26 жылдығын мерекеледі. Осы күнді  Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті де салтанатты түрде атап өтті.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Жасұлан Рамазанұлы Ахметов  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен ұжымды құттықтап, мереке күні көп ұлтты Отанымыздың игілігі жолында,  халқымыздың ырысы  гүлденіп өсіп,  алда көптеген жаңа табыстарға жетіңіздер деген тілегін білдірді.

Департаменттің көптеген қызметкерлері Егемендігіміздің осы мереке күні Қазақстан республикасы мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны,  мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А.М.Тенгебаевтың Құрмет Грамотасымен,  жемісті еңбегі үшін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының грамотасымен, Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін   өткізуге үлес қосқаны үшін Астана қаласының әкімі А.Исекешевтің Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері мен Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылық құрамы Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері С.Д.Шинтемировтің зейнеткерлікке шығуына байланысты оған атқарған қызметі үшін  салтанатты түрде алғыс білдіріп, сыйлық тапсырылды.

Мерекелік іс-шара патриоттық рухта орындалған шағын концерттік бағдарламаға ұласты.