
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 ж. 1 тоқсаны үшін ағымдағы 20 қаңтардан кешіктірмей корпоративтік табыс салығы бойынша (бұдан әрі - КТС) аванстық төлемдер сомаларының есебін ұсыну мерзімінің жақындағаның салық төлеушілердің назарына жеткізеді.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 25.12.2017г. №121-VI Кодексі (бұдан әрі - Салық кодексі) 305-бабы 2-тармағына сәйкес келетін келесі салық төлеушілер салықтық міндеттемелерді орындамайды екенін хабарлаймыз:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
2) жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;
3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;
4) Салық Кодекстің 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер;
5) Салық Кодекстiң 291-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн салық төлеушiлер;
6) Салық Кодекстің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер;
7) Салық Кодекстің 708-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды.
Салық кодексінің 305 б. 2 т. әрекетіне келмейтін салық төлеушілер, КТС қайыруға дейін және кейін аванстық төлемдердің сомалары есебін ұсынуға міндетті.
Сонымен бірге, аванстық төлемдердің сомасы:
- декларацияға дейін, алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады)
( АП 2018 ж. = (1/4*АП 2017 ж.)*20%).
Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.