
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздерді «Салық және кеден заңнамасындағы тұжырымдамалық жаңалықтар» тақырыбындағы семинарға шақырады.
Семинар тақырыптары:
- Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері туралы;
- Салықтық әкімшілендіру және жалпы ережелер;
- Корпоративтік табыс салығы;
- Жанама салық салу туралы;
- Арнайы салық режимдері. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Жергілікті салықтар салу туралы;
- Жаңа Кедендік кодекс;
- ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
Өткізілетін уақыты: 2018 жылдың «09» ақпан сағ.: 14:30 бастап 18:00 дейін.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 11. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратының акт залында өтеді.
Тіркеу келесі телефондар бойынша: 8 (7172) 39-72-38; 39-53-34; 39-67-76
Кіру тегін.