
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Сқақов жеңімпазға марапаттау грамотасы мен озық технологиядағы ноутбук сыйлығын табыстады. Жеңімпаз атанған Айнура Қуанышбаева сұхбат беру барысында:
- Айнура, Сізге өте сәтті ұтыс ноутбук бұйырды, себебі маусым айында түбіртекті талап етіп фотоға түсіру арқылы 2500 хабарламаның арасынан жеңімпаз атандыңыз!
- Шынымды айтсам, бірінші рет мұндай науқанға қатысуым. Алдыма қандай да бір мақсат қойып ұтыс болады деген ой болған жоқ және бастапқыда «түбіртекті талап етіп – жүлдені ұтып алу» мүмкін емес шығар деп ойладым. Қазіргі таңда телефон арқылы интернетте көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Сатып алған заттың түбіртегін фотоға түсіріп жіберу еш қиындық туғызбайды. Кейбір азық-түлік дүкендерінде заттың түбіртегін бермейді, мұндай жағдайларда міндетті түрде түбіртекті талап етіп жүрдім. Нәтижесінде маусым айында 40 жуық түбіртекті жібердім.
- Науқан барысын қайдан білдіңіз?
- Интернетте Facebook қолданушыларының бірімін, акция жөнінде оқып білдім. Ұтыс шығады дегенге сенбеген едім, дегенмен сыйлық алып, маусым айының жеңімпазы атандым енді науқанға сенемін.
- Жеңімпаз атанып, сыйлықты ұтып алу кезінде қандай сезімде болдыңыз?
- Ұтыс шығып жеңімпаз атану күтпеген жағымды жаңалық болды. Телефон арқылы жіберген түбіртек фотоларының ішінен біреуіне ұтыс шығуы үй шаруасындағы маған үлкен қуанышты жағдай болды.
- Акцияға байланысты қандай өзгеріс енгізу дұрыс деп есептейсіз?
- Ешқандай өзгеріс қажет емес! Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай телефон арқылы жіберу мүмкіндігі болса жөн болар еді. Себебі, бұл өте ыңғайлы. Түбіртекті алып үйіңнен шығып, басқа жерге барып кезек күту қажет емес, ең бастысы уақытың үнемделеді. Салық органдарының электрондық жүйеге өтуде, салықты интернет арқылы төлеу жеңіл әрі өте ыңғайлы!!
- Енді акция аясында қандай тілегіңіз бар?
- Басқа да акцияға қатысушыларына достарыма сәттілік тілеймін және акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Бұл науқанды мемлекеттік кірістер органдары ұйымдастыруда, сол себепті науқан әділетті жүргізіледі. Әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің мемлекеттіміздің өркендеуі жолында көптеген шараларды жасағандығын білемін.
Аталған акция осы жылдың қараша айына дейін ай сайын ұтыс ойындарымен өткізіліп отырады. Ай сайынғы ұтыс ойындарының жеңімпаздары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің ұтыс ойынына жолдама алады. Республикалық науқан қорытындысы бойынша автокөлік сыйлығы ұтыс ойынына желтоқсан айында болады. Акцияға қатысу үшін түбіртекті суретке түсіріп, WhatsАpp мессенджері арқылы +7 700 500 17 17 немесе +7 701 500 17 17 номеріне жіберу қажет. Әрбір түбіртекке бірегей нөмір беріледі және сол номерлер арқылы ұтыс ойнына қатысуға мүмкіндік болады. Неғұрлым көп хабарлама жолдаған сайын, ұтысқа ие болу мүмкіндігі де арта түседі.




























