Date of publication: 16.07.2015 17:07
Date of changing: 05.08.2015 09:00

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сауатты және кәсіби кадр құрамын іріктеу үшін жоғары оқу орындарының бітірген түлектерін жұмысқа тарту үшін 2015 жылдың 15 шілдесінде келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Жұбанова көшесі, 16, Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратында  Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Ашық есік күнін  жоғары оқу орын түлектеріне Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметі және әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы тұсаукесер материалдарымен танысуға мүмкіндіктері болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және оның аудандық басқармалары бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жарияланатынын  хабарлайды.