
14.02.2018 жылы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы тұру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Рахимов Жангазы Зекенович сыбайлас жемқорлықты жасауға итермелейтін басты себептеріне тоқталып, азаматтардың қылмыс жасаған жағдайдағы жазалары мен нәтижелері жайлы атап өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері Мұсағали О.Е. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер жайлы түсіндірді.
Жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаларының талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.
Сөз соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел түрде қолға алынған іс-шаралар жайлы бейнероликтер көрсетілді.