
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес тұлғаның таңдауы бойынша кеден органы лауазымды адамының транзиттік декларацияны, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны, көлік құралына арналған декларацияны, сондай-ақ тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде тауарларға арналған кедендік декларацияны толтыру мүмкіндігі қарастырылған.