Date of publication: 01.10.2015 14:56
Date of changing: 01.10.2015 15:04

«ҚазТАГ» веб-сайтындағы «Есіл» ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының (МКБ) басшы орынбасарлары пара алу барысында ұсталғандығы жөніндегі ақпаратқа сәйкес, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті (МКД) келесіні хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде «Есіл» ауданы бойынша (МКБ) басшының екі орынбасары Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен ұсталып, Астана қаласының ІІД УТИ қамауға алынды.

Тергеу барысы жайлы жұмыстарының аяқталмауына байланысты мәлімет жарияланбайды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына Астана қаласы бойынша МКД жоғары деңгейде қадағалау жасалуда.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің бұзған әрбір әрекетіне байланысты себептері мен жағдайына нақты талдау жасалынады.

Астана қаласы бойынша МКД-мен аталған жағдайға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты бағынышты қызметкерлерге қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Кінәлі лауазымды тұлғалар есепке алынып, белгіленген тәртіппен жауапқа тартылатын болады.

Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 77 бабына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.