Date of publication: 05.10.2015 16:52
Date of changing: 06.10.2015 16:28

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы арнайы дастарқан жайып, 1 қазан халықаралық қарттар күніне орай салық және кеден саласында жұмыс жасаған 30 зейнеткерді құттықтады. МКД зейнеткерлердің қоғамның және Департаменттің дамуы мен өсіп-өркендеуі жолындағы атқарған жұмыстарына жылы лебіздерін, алғысын білдірді.

«Бүгінгі мейрам біздер үшін сіздердің салық және кеден саласында үлшенбес, қажырлы еңбектеріңізге алғыс білдіретін зор мүмкіндік» - деп Ә.Сқақов алдыңғы аға буынға зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ өмір сүруді және туыс жақындардың ыстық ықыласына бөленіп, қуанышты құттықтау тілегін айтты.