
Бүгін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Ә.Сқақов «Түбіртек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясының 6-жеңімпазын қабылдап, жеңісімен құттықтап, сыйлық табыс етті. Жеңімпаз екінші рет Астана қаласының тұрғыны, жас ана Абзал Құлетеева атанды. Айта кету керек, Абзал акцияның ең белсенді қатысушысы. Ол айына ең кемі 300 түбіртек суретін жолдайды. Шілде айының қорытындысы бойынша Абзал 1500 түбіртек жолдап, планшет ұтып алған болатын. Бүгін екінші рет ұтысқа кәсіби фотоаппарат алды.
Акция басталғалы бері Департаменттің арнайы түбіртек қабылдау жүйесіне түсетін түбіртектер саны артып келе жатыр. Мәселен, акцияның бірінші айының қорытындысы бойынша 1000 түбіртек келіп түскен. Соңғы айда бұл көрсеткіш 9000-ға дейін өскен.
Абзал, екінші рет жолыңыз болып, екінші сыйлығыңызды алдыңыз. Бұл жолы фотоаппартқа үміткер болған түбіртек саны 900 еді. Сіздің 320 теңгеге жасаған саудаңыздың түбіртегі алға шықты.
Мен бұл акцияға шындап кіріскен сияқтымын. Күн сайын суретке түсірген түбіртектердің санынан ұялы телефонымның жады толып қалды. Қыркүйек айында 300 түбіртек жіберіппін. Бірақ, бұл алдыңғы айлардағы белсенділігіммен салыстырғанда, төмек көрсеткіш! Шілде айында 1500 түбіртек жолдадым. Күн сайын кешке ыңғайланып отырып алып, күні бойына жиналған түбіртектерді суретке түсіріп, жіберіп отырдым.
Екінші рет жеңімпаз атанғаныңызды сезінгенде қандай сезімде болдыңыз?
Әрине қуандым! Демек күн сайын түбіртек жіберген еңбегім еленді! Отбасылық фотоаппарат сатып алуды біраздан бері жоспарлап жүрген едім. Бүгін бұл қажеттілігім тегін келді. Мұндай шараны қолға алған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! Енді автокөлік ұтуға талпынамын!
Еске сала кетейік, бұл шараға кез келген елорда тұрғыны қатыса алады. Акцияға қатысу үшiн чектi суретке түсiрiп, WhatsApp мессенджерi арқылы +7 700 500 17 17 нөмірiне жiберу керек. Чек алынған дүкен міндетті түрде Астана қаласында болуы шарт. Әрбiр чекке бiрегей нөмiр берiледi, сол арқылы тұтынушылар бағалы сыйлықтар ұтысына қатысады.






























