Date of publication: 15.10.2015 18:23
Date of changing: 16.10.2015 09:44

Бүгін Астанада осы жылдың 9 айындағы салық және кедендік әкімшілендіруге арналған қорытынды баспасөз мәслихаты өтті. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өткен жылдың қараша айынан бастап іске қосылып, жаңа бағытта жұмыс істеп келеді. Елорданың фискалдық органдары қызметкерлерінің айтуынша органдардың біріктірілуі кәсіпкерлік ортаға оңтайлы әсер етеді.

Департаментке экономикалық қылмыс саласында сотқа дейінгі алдын ала тергеу қызметі берілген. Бірақ басты мақсатымыз қылмыстық істі ғана қудалау емес – дейді Ә.Сқақов, - бизнес пен қоғамның бірлесіп құқық бұзушылардың алдын алу рөлі мен қылмысты болдырмауды жетілдіруде төзімсіздікпен жаңа стратегиясын қалыптастыру, – дейді..

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.Сқақовтың айтуынша, 9 айда бюджетке түсімдер 482,9 миллиард теңге (бір қызметкерден 518,2 млн теңге) көлемінде жинақталған.

Сондай-ақ, Ә.Сқақов ақшалай түсімдердің толықтығына байланысты тұрақты бақылау мен алдын алу іс-шаралары туралы әңгімеледі. Департаменттің қызметкерлері басым үш бағытта: қоғамдық тамақтандыру, супермаркеттер мен сұлулық салондарын бақылауға алды.

Сондықтан, 175 тақырыптық (рейдтік) салықтық тексерулер, 216 заң бұзушылықтар, 29 түсімнің толықтығына байланысты бақылаулар жүргізілді. Нәтижелері, әдетте, бақылау кассалық машинасы (бұдан әрі – БКМ) - 50 мүлдем болмаған, егер бар болғанның өзінде, 79 – да БКМ қолданылмаған, оқиғасы – 50 СНА, лицензияның және ЕБМ болмауы - 37 бұзушылықтарды болғанын Ә.Сқақов хабарлады.

Департамент басшысы тіпті заңнаманы бұзушы мейрамханалардың атын атады.

Тексеру нәтижелері бойынша «AstanaMusicHall» («AstanaMusicHall» ЖШС) мейрамханасы - 1,5 млн. теңге, «Узбечка» (Л.И.Касымбекова ЖК, Р.Д.Аюпова ЖК) мейрамханасында 2,3 млн. теңге (төленген), «Коктал» (Б.Р. Кабатаева ЖК) 46,5 млн.теңге табысы ұлғайтып көрсеткен жалдамалы жұмысшылары – 20 адамды ғана көрсеткен, төленген салық 1,4 млн.теңге.

Сот шешімімен 11,8 млн.теңге сомасында 85 адамға айыппұл салынған және 9896 бөтелке және 11 кег сыра жалпы сомасы 10,3 млн.теңге мөлшерінде болатын контрафактілі алкоголь тәркіленді, 8 нысан лицензиясынан айырылған (мысалы, «Кавказская пленница» кафесі, «Гусь» кафесі, «JAZZTIMEPUB» кафесі,  «GunsandRoses» мейрамханасы, «Bechbar» кафесі, «Ханшатыр» СО, және басқалары) жөніндегі мәліметтер хабарланды.

Департамент басшысы баспасөз конференциясын қорытындылай келіп журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ә.Сқақов департаментті Елорданың бизнес-қауымдастығымен сындарлы диалогтарға әрқашан дайын деген қорытындыға келді.