
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеуші кеден органы тіркелген жердегі салық органының деректемелері көрсетіледі.
Осыған орай, кедендік төлемдер мен салықтар төлемдерін Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына БСН 981140001115 төлеу қажет.




























