Date of publication: 01.03.2016 12:14
Date of changing: 01.03.2016 15:59

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері астыртын покер клубының құмар ойындары түрін заңсыз жүргізгендігін анықталды.

Астана қаласының «Северное Сияние» ТК жалдамалы пәтерінде ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметін жүзеге асырған ұйым әшкереленді.

Тексеру барысында заңсыз покер клубын ұйымдастыру дерегі тіркелді.

Аталған мекенжай орнының ұйымдастырушысы белгісіз Садвакасов Е., 1 орам ойын покері, атап айтқанда, ойын фишкалар және 7 колод карталары және ақша қаражаттары тәркіленді. Оқиға орнында жасырын клубтың ұйымдастырушысы, 2 дилер, 1 даяшы, 2 күзетші және 9 ойыншылар болған.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы өзінің кінәсін толық мойындады.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімне енгізілді.

ҚР ӘқбтК-нің 444-бабына сәйкес құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ставка қабылдауы әкімшілік жауапкершілікке тартылады (әкімшілік жаза 200-ден 300 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады).

Астана қаласы бойынша МКД құқық қорғау блогының қызметкерлері қазіргі уақытта осыған ұқсас деректерге қарсы күрес жұмыстары күшейтіліп жүргізілуде.