Date of publication: 20.03.2016 11:50
Date of changing: 20.03.2016 12:09

 

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, елорданың салық төлеушілеріне арналған салық заңнамасын түсіндіру бойынша кезекті семинар өткізді. Бұл жолы Астана қаласының қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесе өткізілді. Сондай-ақ, Орталық бухгалтерлер Үйі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астананың Афиша сайты ақпараттық қолдау көрсетті. Бұл шараға 800-ден астам бухгалтерлер жиналды.

Семинардың негізгі бөлігін электрондық шот-фактуралар үзіндісіне арналды. Электрондық шот-фактуралар жүйесін әзірлеуші Әнуар Садықов семинар қатысушыларына электрондық шот-фактуралардың үзінді ережесі бойынша түсіндірді. Әзірлеушінің айтуы бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі тегін.

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін одан әрі ақпараттық-насихаттау тақырыбында салық салу бойынша оқу құралдарының авторы Юлия Прокопьева жалғастырды.

2016 жылдан бастап, кезең-кезеңмен бірінші жарты жылдықта сыртқы экономикалық қатысушылары бұл жүйеде жұмыс істеуі міндетті, содан кейін кедендік брокерлер қосылады, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап еркін қоймалардың иелері және кеден қоймалары, барлық ҚҚС төлеушілер үшін электрондық шот-фактура түріне өту міндетті болады, – деп атап өтті Ю. Прокопьева

Юлия Прокопьева 2016 жылы күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістер туралы әңгімелеп берді.

Дәріскер, салық төлеушілердің корпоративтік табыс салығы бойынша (100.00-нысан) жиі туындайтын салық есептілігін (декларацияны) мәселелер бойынша баяндады. Ол сондай-ақ, бухгалтерлер осы нысанды толтыру кезінде жиі жіберілетін қателер туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Сәуле Баймағамбетова мүлікті заңдастыру заңнамасына жеке-жеке тоқталып, мүлікті жария ету ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін  ұзаруына байланысты салық төлеушілердің мүлікті жария етуге белсенді қатысуға шақырды.

Семинар барысында салық төлеушілер біріккен салық және кеден кодекстері туралы өз ойларын ортаға салды. Қазіргі уақытта С. Баймағамбетованың айтуынша, мемлекеттік кірістер кодексін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында Кодекстің жобасын талқылау бойынша тақырыптар негізінде Форум құрылды (мекен-жайы: kgd.gov.kz).

Семинар соңында салық төлеушілер қызметкерлерден дербес кеңестер алды, сондай-ақ ұйымдастырушылар тарапынан ақпараттық буклеттер, журналдар, естелік күнтізбелер алды.

","serif"; mso-ansi-language:KZ'>По завершении семинара налогоплательщики получили индивидуальные консультации, а также получили информационные буклеты, журналы, памятные календари от организаторов мероприятия.