Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында 2-ші Спартакиада басталды.
ҚР ҚМ МКК спорт кешенінде 2-ші Спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері арасында 2016 жылдың 2-і мен 16 сәуір аралығында өткізіледі. Спорт мерекесінің салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Ә.Сқақов қатысып, жарысқа түсушілерге сәттілік тіледі.
Жарыстар спорттың 6 түрі бойынша волейбол, үстел теннисі, шахмат, бильярд, арқан тарту және мини-футбол түрінде өткізіледі. Спартакиаданың негізгі басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен қызметкерлер арасында спортты дамытуға, ұжымды біріктіру мен Департаментте үздік команданы, мықты спортшыларды анықтау. 2016 жылдың 16 сәуірі сағ. 11-00 ҚР ҚМ МКК спорт кешенінде спартакиаданың жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау өткізіледі.






























