БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 19 сәуірде Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде (бұдан әрі-Департамент) «Жеңілдету және халықаралық сауданы жақсарту жүргізу бойынша шаралар» тақырыбында Астана әкімдігінің, "Атамекен" ҰКП және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
5 институционалдық реформаларды және 100 нақты қадам- Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде, мемлекет бизнесті жүргізу және оңайлату үшін үлкен жұмыс жүзеге асырылады. Бұл ретте Үкіметпен бұл үшін ұсынылатын шаралар, бизнеске нақты әкімшілік жүктемені азайтуға ықпал етуі керек
.
Департамент басшысы А. Скаковтың айтуынша, қазіргі уақытта кедендік әкімшілік ету кезінде проблемалар бар, оларды кедендік рәсімдерді оңтайландыруды бойынша түбегейлі өзгерістерге көшу үшін шешу қажет.Бұл проблемалар дамымаған инфрақұрылымға, электрондық декларациялау мен мемлекеттік органдардың деректер қоры ынитымақтастығының жоқтығына, сондай-ақ күрделі бизнес – рәсімдермен байланысты. Осыған байланысты, осы бастамаларды іске асырудың соңына дейін Үкімет Жоспарының бірінші кезектегі міндеттері кедендік ресімдеу процесінде барлық қатысушы органдарды, жаңа көлік-логистикалық орталығына көшіру тармағы енгізілді.
Ірі көлік-логистикалық орталығы (КЛО) "Нұрлы Жол–болашаққа жол" бағдарламасы аясында "Continental Logistics" компаниямен жүзеге асырылған. Бұл компания ең бірінші барлық заманауи талаптарға сай жауап беретін КЛО салынған және пайдалануға енгізілген компания болып табылады. Компанияның жоспарында жалпы республикалық көлік - логистикалық құрылымына жеткізілген инфрақұрылымы бар заманауи қойма терминалдары мен өндірістік алаңдары бар КЛО желісін құру. Жоба шеңберінде Шымкент, Ақтөбе, Павлодар, Алматы және Қорғас қалаларында КЛО құрылысын салу және іске қосу.
А. Скаков айтуынша, - "2016 жылғы мамыр айының басында КЛО Кедендік Ресімдеу Орталығын ашу жоспарлануда. Ұсынылып отырған жоба бірқатар міндеттерді шешеді: бір аялдама қағидатын құру арқылы кедендік рәсімдердің уақыты қысқарады, барлық қызметтерінің бір жерде орналастыру жоспарланып отыр,уақытша сақтау қоймаларының бастап, кеден өкілдері, КҚО, карантиндік қызмет, әкімшілік полициясы, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да. Қазіргі уақытта, барлық кедендік рәсімдерді жабу шекті уақытты 2 тәулік дейін құрайды, жоспарланған қысқарту уақыты 3 - 4 сағатқа дейін.
"Бір терезе" қағидасы бойынша тауарларды сату, пилоттық жоба аясында кедендік ресімдеу кезінде мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерін қамтиды. Техникалық реттеу шараларын бақылау қайта қаралады. Сәйкестік сертификаттары кедендік ресімдеу сәтінде емес, тауарларды ел ішінде іске асыру кезінде беріледі және ұсынылады. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету (қамтамасыз ету карточкасы) рәсімдерді жеңілдету маңызды аспектісі болып табылады. Бүгінгі күні, қамтамасыз ету карточкасын беруге 3 - 5 сағат жұмсалады, тіпті тәулік. Импорттаушы және декларанттар тиісті ғимараттар және ТБО арасындағы жүгіруге тиіс. КЛО-ға көшу бұл рәсім келіп түскен тауар дан бір адым жерде жүзеге асырылатын болады, өйткені, қамтамасыз ету карточкасын беруге қатысатын қызметкерлер бір ғимаратта орналасатын болады.
Барлық жаңа енгізулер, сайып келгенде қызметтерді көрсетуді жылдамдатады.Бүгін сондай-ақ, бойынша жұмыс жүргізілуде ASYCUDA Word платформасында АЖ-АСТАНА-1 прототипі бойынша жұмыс жүргізілуде, ол болашақта электронды декларациялауға мүмкіндік береді, сондай-ақ кедендік әкімшілендіруді жеңілдетеді. Халықаралық сауданы жүргізуді жеңілдету мен жақсарту үшін барлық жағдайлар жасалуда, қызметтер сапасын жақстаруға қол жеткізуге, ол үшін үздік әлемдік технологиялар алынады.

Баяндама жасаушылардың сөздері аяқталған соң, ашық сұхбат барысында дөңгелек үстелде бизнес-құрылым өкілдері үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау туралы ұсыныстар мен мәселелер талқыланды.
Астана қаласы бойынша МКД Баспасөз қызметі




























