
UBER мобильді қызметі енді Елордамызда
Астана қаласында жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту мақсатында және инновациялық мобильдік сервистерін пайдалану мақсатында Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Uber компаниясы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум жасалынды.
Uber Компаниясы халықаралық деңгейде жұмысын кеңейтуде, және жаңа қызмет түрі бүгінде Астана қаласында жұмысын бастайды. Uber – пайдаланушылар мен жүргізуші-серіктестерді байланыстыратын технологиялық платформа. Мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруші жүргізуші мен машинаға резерв қойып, оның белгіленген жерге дейінгі қозғалысын бақылай алады, төлем банктік картамен жасалады. Uber B.V. ТМД мемлекеттері бойынша бас менеджері Алексей Стахтың атап өтуінше, компанияның жобаны Астанада дамыту перспективалары зор.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Ә.Сқақовтың атап өткеніндей, экономиканың жаңа даму деңгейі жүйенің айқындылығының арқасында Uber өзіндік сервис - қызмет көрсетудің ашықтығы арқылы осындай төлем әдісін дәріптеу жасап, аталған бизнес түрі шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді, жолаушылар тасымалы нарығына жаңа компанияның енуі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды.

Елордалық мемлекеттік кірістер органдары Uber қызметінің қолданыстағы қарапайымдылығымен, қауіпсіздік талаптарының жоғары болуымен, сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тұлғалардың салықтық міндеттемелерінің орындалып түсімдердің ұлғаюына ықпал етеді.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті




























