Date of publication: 04.06.2024 12:59
Date of changing: 04.06.2024 13:06

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментінің Астана қаласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

п/п

Ұсыныстар

Іс-шаралар

Іс-шара аяқталу формасы

Аяқталу

нысаны

Жауапты

орындаушылар

 

Орындалуы

1

МКК-ға Бұйрықтың 2-тарауын келесі мазмұндағы 7.1-тармақпен толықтыру: "Кедендік жете тексеруді тағайындау күні мен уақыты жете тексеруді жүргізу туралы шешім қабылданған күні 1 жұмыс күні ішінде тағайындалады" туралы ұсыныстар жолдау

 

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 ""Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу.

ҚР ҚМ 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне қарай.

 

2024 жылдың 4 тоқсаны

Кедендік бақылау басқармасы

ҚР ҚМ 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығының 2-тарауына өзгерістер енгізу. Кедендік тексерудің күні мен уақытын айқындаудың нормативтік құқықтық актісін нақты регламенттеу жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізуді заңсыз кейінге қалдыру мүмкіндігін болдырмау.

2

Кедендік тексеруді заңсыз жүргізуді болдырмау мақсатында "ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 415-бабының 8-тармағына толықтыру енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР кодексіне өзгеріс енгізу.

ҚР "ҚР Кедендік реттеу туралы"Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне қарай.

 2024 жылдың 4 тоқсаны

Кедендік бақылау басқармасы

"ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 415-бабы 8-тармағына толықтыру енгізу. Кедендік тексеру процесін фото-бейне тіркеу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының Үй-жайлар мен аумақтардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін екендігін жасыру мүмкіндігін болдырмау .

3

250 бұйрыққа кедендік баждардың, салықтардың, жеке пайдалануға арналған тауарлар санатының бірыңғай ставкаларын белгілеу бөлігінде толықтыру енгізуді, сондай-ақ жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың өткізу жиілігін айқындауды ұсынамыз, бұл жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кеден бекетінің қызметкері мен жеке тұлға арасындағы сөз байласуды болдырмауға мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығына өзгеріс енгізу.

ҚР ҚМ 31.03.2015 ж. № 250 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне қарай.

2024 жылдың 4 тоқсаны

Кедендік бақылау басқармасы

ҚР ҚМ 31.03.2015 жылғы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу.

Сөз байласу мүмкіндігін төмендету, сондай-ақ кеден бекеті қызметкерінің 250 бұйрықта белгіленген жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің өлшемшарттары мен ережелерін сақтауы арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту.

4

Салықтық тексеру жүргізу кезінде қосымша құжаттардың қабылдануын болдырмау үшін ҚР Салық кодексінің 181-бабының 4-тармағын алып тастау қажет.

 

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

ҚР Салық кодексінің 181-бабына өзгеріс енгізу.

2024-2025ж.ж.

Аудит басқармасцы

ҚР Салық кодексінің 181-бабының 4-тармағын алып тастау салық төлеушіге есептелген салықтарды төлеу мерзімін кешіктіретін және Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жұмыс уақытын алаңдататын (ойдан шығарылған) қарсылық беруді тоқтатады.

5

  Лауазымды тұлғалардың қатысуымен Техникалық реттеу шараларының сақталуын бақылау мемлекеттік кірістер органдары тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) міндетті түрде пайдалана отырып, электрондық нысанда ғана және форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) мүмкін болады.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"Кеден" АЖ іске асыру

2024-2025 ж.ж.

"Астана-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті

"Кеден" АЖ-ға енгізу сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мен Мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды адамы арасында сөз байласу мүмкіндігін болдырмайды.

6

Қызметкердің заңды және жеке тұлғалармен тікелей байланысын болдырмау мақсатында валюталық бақылауды жүргізетін қызметкерлерге "салық төлеуші кабинеті"АЖ арқылы экспорттаушылардың/импорттаушылардың атына сұрау салулар жіберуге мүмкіндік беру қажет.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"Салық төлеуші кабинеті" АЖ кіруін қол жетімді қылу

2024-2025ж.ж.

Тарифттық реттеу басқармасы

"Салық төлеуші кабинеті" АЖ кіру қызметкердің заңды және жеке тұлғалармен байланысу мүмкіндігін болдырмайды.

7

Камералдық бақылау хабарламалары бойынша негізсіз шаралар қабылдауды болдырмау үшін хабарламаның толық орындалғанға дейін оның орындалуын қадағалау режимін енгізуді және "салық төлеуші кабинеті" АЖ (СТК) қорытындысын қалыптастыруды, сондай-ақ шаралар қабылдау процесін автоматтандыруды ұсынамыз: салық төлеуші тарапынан қарау мүмкіндігімен салық төлеуші кабинетінде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы хабарламаның орындалу мәртебесін беру, салық төлеуші тарапынан қарау мүмкіндігімен СТК-де шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы дер кезінде орындалмаған хабарламалар бойынша әкімшілік материал жасау үшін СТК-ға электрондық тәсілмен келу.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"Салық төлеуші кабинеті"АЖ қосымша режимдерін әзірлеу.

«Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» АЖ-ны іске асыру 2024ж.

Камералдық мониторинг басқармасы

 Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйе» АЖ-ны іске асыру.

Камералдық бақылау хабарламасын орындамаған (уақтылы орындамаған) салық төлеушілерге қатысты шараларды уақтылы бақылау және бұлтартпау.

8

Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі АЖ-да орындалмаған хабарламалар бойынша деректердің бірыңғай қоймасына хабарлама беру режиміне шығыс операцияларын қайта қалыптастыру тоқтата тұру мүмкіндігін іске асыру қажет.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

Шығыс операцияларын тоқтата тұру мүмкіндігін хабарламаларды беру режимінің бірыңғай деректер қоймасы арқылы қайта қалыптастыру.

«Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» АЖ-ны іске асыру 2024ж.

Камералдық мониторинг басқармасы

АЖ-да салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін іске асыру камералдық бақылау хабарламасын орындамаған (уақтылы орындамаған) салық төлеушілерге қатысты уақтылы бақылауды және шаралар қабылдаудың сөзсіздігін қамтамасыз етеді.

9

Заңсыз кері қайтарып алу фактілерін болдырмау шығыс операцияларын тоқтата тұру үшін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы орынбасарларының деңгейінен төмен емес кері қайтарып алуды жүзеге асыру ұсынылады.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

Мемлекеттік кірістер аудандық басқармасы орынбасарларының деңгейінде шығыс операцияларын тоқтата тұруды кері қайтарып алуды жүзеге асырудың салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін АЖ-да іске асыру.

«Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» АЖ-ны іске асыру 2024ж.

Камералдық мониторинг басқармасы

АЖ-да салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін іске асыру камералдық бақылау хабарламалары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кезінде дұрыс емес кері қайтаруды қалыптастыруды бақылауды және оған жол бермеуді қамтамасыз етеді.

10

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және объективтілік үшін Мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелері арқылы ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу процесін автоматтандыруды ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу процесін автоматтандыру

2024-2025ж.ж.

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы

АЖ-ға салықтық есептілікті өңдеу жүйесін, салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін енгізу.

ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу процесін автоматтандыру.

11

Адам факторы жол берген негізсіз қайтаруды болдырмау мақсатында тәуекел пирамидасының есебі бойынша ТБЖ қолдану кезінде қайтарылуға жатпайтын ҚҚС ең аз сомасын шығару жолымен қайтарылуға жатпайтын ҚҚС сомаларын есептеуді автоматтандыруды ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

Қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомаларын есептеуді автоматтандыру

2024-2025ж.ж.

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы

АЖ-ға салықтық есептілікті өңдеу жүйесін, салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін енгізу.

Қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомаларын есептеуді автоматтандыру.

12

Банкроттардың лауазымды тұлғалары есебінен банкроттықты басқарушының әкімшілік шығыстарын төлеу мәселесін қарау үшін "оңалту және банкроттық туралы"ҚР Заңына өзгеріс енгізуді ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

"Оңалту және банкроттық туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу.

"Оңалту және банкроттық туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілуіне қарай.

2024-2025ж.ж.

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы

"Оңалту және банкроттық туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу

банкроттықты басқарушы банкроттардың лауазымды адамдарын субсидиарлық жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдамаған кезде қорытынды есепті келісу тәуекелін жояды.

13

Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын уақтылы қабылдау үшін мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім түрінде, сондай-ақ мұндай шешімдерді кері қайтарып алу үшін мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімдерді уәкілетті органдарға жіберу процесін автоматтандыруды ұсынамыз.

ҚР ҚМ МКК-не ұсыныстар бойынша қосымшалар жолдау

Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі АЖ да процесті автоматтандыру

АЖ іске асыру шеңберінде салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі

4 тоқсан 2024 ж

Берешектермен жұмыс басқармасы

Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі АЖ іске асыру.

Мүлікті шығаруды болдырмау, сондай-ақ лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануын болдырмау. Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану.