Date of publication: 16.02.2016 15:37
Date of changing: 16.02.2016 16:12

Мемлекеттік бюджетке түсім Жоспарының орындалуы. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қарқынды дамуы және әкімшілендіру жұмыстарына жаңа көзқарас Астананың мемлекеттік бюджетке әкелетін түсімін арттыруға септігін тигізеді.

  2015 жылдың қорытындысы бойынша алдын ала болжам 105,8 млрд теңгеге артық орындалды (114,2%),  соның ішінде республикалық бюджетке 97,2 млрд теңге (117,2%) немесе 662,2 млрд теңге көлемінде түсім түсті және жергілікті бюджетке 190,2 млрд теңге көлемінде түсім келіп, алдын ала жоспар 8,6 млрд теңгеге (104,7%) орындалды.

Мемлекеттік бюджетке салық және өзге де төлемдерден түсетін түсімдердің өсімі 2014 жылмен салыстырғанда 111,7%-ды құрады, бұл 88,9 млрд.теңгеге артық түскен, соның ішінде республикалық бюджет бойынша – 110,4 % немесе 62,2 млрд теңге; ал жергілікті бюджет бойынша 116,3  % немесе 26,7 млрд теңгені құрайды.

Соңғы алты жыл ішінде бюджетке түскен түсімнің абсолютті өсімі 539,9 млрд теңгені құрады (2010 ж.–312,5млрд.теңге, 2015 ж.– 852,4 млрд.теңге).

Елорданың фискалды органы жұмысының оң нәтижелері 2015-2016 жылдарға арналған Астана қаласынан түсетін мемлекеттік кіріс көлемін арттыруға арналған шаралар Жоспары» мен «2015 жылға арналған Астана қаласы бойныша мемлекеттік кірстер Департаментінің басым бағыттары Жоспарының» сәтті жүзеге асуымен байланысты. 

Қос құжат та бюджетке кіріс көлемін арттыруға бағытталған құрылымдық бағыттар бойынша іс-шаралар кешенінен тұрады: аналитикалық жұмыс, бизнес ортаны жақсарту, мемлекеттік кіріс жинауды әкімшілендіру, бюджетке қосымша кіріс түсіру бағытында қалалық атқарушы органдар, құзырлы және фискалды органдармен біріккен жұмыс жүргізу.  

Астана қаласының әділет Департаментімен біріккен жұмыс нәтижелері көрсеткендей, тұрғын емес нысандар фонды бойынша мүлік салығының түсімі артқан. 2015 жылы салық төлеуге қосымша 376,2 млн теңге тартылды, оның ішінде 276,2 млн теңге жоспарлы сомадан артық өндірілді.

 Ұқсас нәтиже Астана қаласының ішкі істер Департаментімен ұсынылатын Елордаға келген шетел азаматтары туралы мәліметтерді талдау кезінде белгілі болды: олардан бюджетке 523,5 млн теңге тартылған, ал жоспар бойынша 10 млн теңге түсуі тиіс болатын.

 Астана қаласы әкімдігі жанындағы комиссия жұмысы аясында ірі мемлекеттік сатып алу жеңімпаздары, базарлар мен сауда үйлері, сондай-ақ жұмыс берушілердің  төменгі жалақы беру сұрақтары бойынша еңбекақы қоры 1,0 млрд теңге көлемінде заңдастырылды. Бюджетке тағы қосымша 88,7 млн теңге түсті.

«Астана БЕО» ЖШС ынтымақтастық орнатылды. Ынтымақтастық аясында бірыңғай төлем құжаттарына енгізілген жеке тұлғалардың мүлік және жер салығынан төленген салық есебі туралы ақпарат қабылданды. Бұл 2015 жылғы салық туралы мәліметтерді жедел түрде Астананың 200 азаматына жолдауға мүмкіндік берді. Коммуналды төлемдер туралы түбіртекте жазылған салық қарызы туралы ақпарат қала тұрғындарынан мүлік және жер салығына 1,2 млрд теңге түсті.   

Жылжымайтын мүлік нысандарын уақытылы тіркеуге арналған комиссия жұмысы шеңберінде пайдалануға берілген, бірақ заңды түрде тіркеуге ілікпеген 249 жылжымайтын мүлік нысанынан мемлекеттік тіркеуден 116 нысан өтті.

Жоспарды жүзеге асырудағы біріккен жұмыс пен уақытылы әрекеттер бюджетке қосымша 38,8 млрд теңге көлемінде түсім әкелді. Алайда, Жоспарда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыруда экономикалық әсер 24,3 млрд теңге көлемінде кіріс түсіру жоспарланған, нәтиже жоспарланған сомадан 15,5 млрд теңгеге артық кірс түскен. 

Мемлекеттік қызмет көрсету. 2015 жыл қорытындысы бойынша Астана қаласы мемлекеттік кірістер Департаментімен 1 331 405 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 80,5%-ы немесе 1 071 776 қызмет электронды түрде көрсетілді, ал қағаз түрінде 19,5%  немесе 259 629 қызмет көрсетілді. Электронды қызмет 2014 жылмен салыстырғанда 4,3 %-ға немесе 135 436 қызметке өсті.  

Салық және кедендік бизнес үрдістер бойынша реинжиниринг жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет ретінде көрсетілетін бизнес үрдістерді оңтайландыру мақсатында күту кезегін және зерттеу орталықтарының нәтижелерін электронды жүйеде реттеу мәліметтеріне жан-жақты сараптама жүргізілді. Сонымен қатар бизнес өкілдері мен халық арасында сауалнама жүргізілді.

Нәтижесінде Департаменттің территориалды бөлімдерінде  салық төлеушілерге қызмет көрсету аймақтарында екіге бөлу жұмыстары жүргізілді. Салық көрсетушілерге қызмет көрсету және құжаттарды қабылдау мен өңдеу бөлімдері жұмыс істейді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарында кезек күту уақыты 34 минуттан 6 минутқа дейін қысқарды, яғни 5,5 есеге қысқарды. 20 минут ішінде қызмет көрсетілетін салық төлеушілердің үлес салмағы  99%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бұрын 45% болған.

 

Тауарды сыртқа шығару мен шетелден әкелу операциялары бойынша көрсеткіштердің жақсарғаны байқалды. Тауарды сырттан әкелу кезіндегі кедендік рәсімдеу уақыты 49 минут, ал шетелге шығару үшін кедендік рәсімдеу уақытына 25 минут жеткілікті.

Импорт:

2014 жыл – 3 сағат 51 мин.

2015 жыл – 3 сағат 2 мин.

Экспорт:

2014 жыл – 1 сағат 26 мин.

2015 жыл – 1 сағат 1 мин.

Doing Business  рейтингінде кедендік рәсімдеулер ингдикаторы бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту мақсатында әкімшілендіру үрдістерімен бірге бизнеске инфраструктура, логистика және құжаттарды рәсімдеуді жеделдетуге қолайлы жағдайлар жасалуда.

«Астана-кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекеті аймағында сыртқы экономика қатысушыларына қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған шаралар жүргізіліп жатыр:

-         Кедергісіз қызмет көрсету жүргізілді;

-         Кедендік рәсімдеу орталығында тауарларға бақылау жүргізілмейді, бақылау жүргізу құзіреті арнайы құрылған жұмыс тобына берілді;

-         Есеп тапсыру азайтылды.

Салық және төлемдердің үйлесімділігін жетілдіру бағытында ақпараттық жүйенің орталықтандырылған біріздендірудегі дербес есепшоттарына (ИС ЦУЛС) енгізуде, бюджеттік топтастырудың коды қысқартылып, мемлекеттік кірістер органының құзырымен бизнес-процестердің жүргізілуін дербес есепшоттарын ықшамдап, салық төлем жүйесіндегі есепке жатқызуды екі есеге саны қысқартылды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында электрондық  сервистің көмегімен астананың тұрғындарының соның ішінде жеке тұлғаның  салық міндеттемелеріне қатысты хабарламаны шығарып алу мүмкіндіктері бар.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер, елорданың экономикалық өсуі мен мемлекеттік табыстың артуын және Астана қаласының көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің тиімді әрекет етуін көтермелеудің кешенді іс-шараларының нәтижесі болып табылады.

Салық және кедендік тексерудің тиімділігі артуда. Осыған дейін жоспарлы тексерудің болмауына байланысты, енді 2015 жылдан бастап шаруашылық қызметіне талдау жүргізу нәтижесі мен тәуекелдер басқармасының жүйесі қолданылды. Салық төлеушілер мен СЭҚ  қатысушыларына деректі тексерістерінің нәтижесі бюджетке 26,6 млрд. теңге көлеміндегі кіріс әкелді.

Нарықтағы алкогольды өнімнің бейресми айланымына байланысты тәуекелділігі жоғары деңгейдегі тұлғаларға қадағалау іс-шаралары өз нәтижесін берді.

Сонымен, бөлшек саудамен айналысушы 187 нысанда алкогольды өнімді сатуда 206 бұзушылықтың дерегі айқындалды, соның ішінде

- 89 деректер бойынша лицензиясы жоқ орындар анықталған;

- 27 деректер бойынша алкогольды өнімге қолдан жасалған есептік-бақылау маркаларын заңсыз қолдану анықталған;

- 90 деректер бойынша алкогольды өніміне тиісті жолдама теліндемесіз сатуға шығарылғандығы анықталған;

Барлығы 59 мыңнан астам шөлмек заңсыз айланыстан алынған.

Камералдық бақылау 20 мыңнан астам салық төлеушіге жүргізілген, нәтижесінде барлығы 5,0 млрд. теңгеге кірістер түскен.

Салық және кедендік берешектерді қайтару мен өндіру жұмыстарының белсенділігі арттырылып,  нәтижесінде мемлекет қазынасына 7,4 млрд. теңге көлеміндегі қаржы өндірілді.

Экономикалық тергеу қызметі Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің құрылымына кіреді және тергеу жұмыстарының өндірісін ҚР Қылмыстық кодекстің баптары негізінде экономикалық тергеу қызметін жүзеге асырады.

Экономикалық қылмысты тергеу қызметінің шеңберінде экономикалық салықтық және жалған кәсіпкерлік қылмыстарын тергеу жұмыстары кіреді.

2015 жылдың рейтингтің көрсеткіштері нәтижелері бойынша Департаменттің экономикалық тергеу қызметі 1-ші орынды иеленді. 1167 іс толық өндіріспен, соның ішінде:  сотқа жолданғаны - 746 немесе 63,9%, хаттама негізінде - 25, процессуальдық келісім бойынша кінәсін – 5-і мойындады.

 

2015 жылы бірде-бір дерек азаматтардың конституциялық құқығы мен заңсыз әрекет ету мен шағын және орта бизнестің субъектілерінің құқығын қасақана бұзушылық жіберілмеген.

Шұғыл әрекет ету бөлімшелерінің қызметтің арқасында шұғыл – іздестіру мен арнаулы іс-шаралардың нәтижесінде - 306 қылмыстық құқық бұзушылықтар айқындалды; қылмысты топты құру мен қылмыстық ұйымды ұйымдастырудың - 2 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, қылмыстық ұйымды ұйымдастырудың, ұзақ уақыт бойы қаланың аумағында заңсыз ойынның бизнесімен шұғылданушылар, 13 астыртын ойын орындары жабылды, қылмыстық ұйымды ұйымдастырушы 8 қатысушы дерегі, 4-і тұтқындалып, қылмыстық іс соттың қарауында жатыр. Сондай-ақ, 3 астыртын казино айқындалып, барлығы құрықталды және заңсыз айналыстан 172 бірлік моноблоқ пен процессор, 222 лотереялық және ойын автоматтары, 3 әуе рулеткалары тәркіленді.

Әкімшілік айыппұлды өтеуде жалған түбіртек жасаған қылмыстық өндіріс айқындалып және іс аяқталған, жалпы сомасы 10 млн.теңгеден астам мемлекетке зиян келтірілген, аталған іс бойынша 4 фигурант бас бостандығынан айырылып 2 жыл мерзіміне сотталған.

Жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының аумағына жалпы сомасы - 188.7 млн. теңге құрайтын тері бұйымдарының БАЭ-нен 324 дана құндыз тондарын әкелу дерегі айқындалған.

Квазимемлекеттік секторда қылмыстық топ жауапкершілікке тартылды, құрамында 4 адамнан құралған, бюджеттік қаражатты мемлекеттің электрондық сатып алу шеңберіндегі жалпы сомасы - 28 млн. теңге құрайтын қаражатты  ұрлағандығы анықталды.    

Экономикалық тергеу қызметінің негізгі бағыты - мемлекет шығынын өтеу болып табылады.

Есепті жылдың нәтижелері бойынша мемлекетке келтірілген шығынды өтеуде жалпы сомасы - 3.6 млрд. теңге, соның ішінде 2.1 млрд теңгенің қылмыстық істері аяқталды.