
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына арналған Департаменттің мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметшілерінің балалар арасында балалар шығармашылығы (суретінің) байқауы өткізілетіні жарияланған.
Байқауға 6 - 13 жас санаттары бойынша балалар қатысады.
Байқаудың тақырыбы: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Балалардың көзімен кеден», «Балалардың көзімен салық».
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары 23.05.2024 ж. бастап 05.06.2024 ж. дейін қабылданады.
Жұмыстарды қабылдау (түпнұсқада) мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Астана қаласы, Республика даңғылы 52, 501 кабинет, байланыс телефоны 8-7172 (77-31-72) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Жұмыстар балаға жақын туыстары болып табылатын қатысушылардың өкілдерінен (әкесі, шешесі, туған ағасы, әпкесі, әжесі немесе атасы) қабылданады.
Байқауға қатысу тегін.