Жарияланған күні: 17.03.2015 17:56
Өзгертілген күні: 24.10.2025 16:15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

Манзоров Серик Багдатович

            Манзоров Серик Багдатович, 07 шілде 1983 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

            Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін 2004 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша бітіріп,  заңгер  квалификациясын алды. 2006 жылы West Coast University бітіріп, Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды. 2009 жылы - Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті, қаржы мамандығы бойынша, қаржы квалификациясы.                          2010 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында алды. 2019 жылы құрылыс мамандығы бойынша                                       Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірді.  

 

           Еңбек қызметі:

18.10.2006 ж. - 12.03.2008 ж. Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімі аппаратында;

13.03.2008 ж. – 08.06.2008 ж. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратында;

09.06.2008 ж. – 03.11.2010 ж. Алматы қаласы әкімі аппаратында;

04.11.2010 ж. – 18.07.2011 ж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары;

19.07.2011 ж. - 24.10.2013 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Салық комитетінің Медеу ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы;

25.10.2013 ж. - 12.11.2015 ж. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі орынбасары;

14.12.2015 ж. – 30.12.2015 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы;

31.12.2015 ж. - 24.08.2016 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы, басшысы;

25.08.2016 ж. – 16.10.2016 ж.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;

17.10.2016 ж. – 11.01.2017 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Халықаралық қатынастар басқармасы басшысының орынбасары;

12.01.2017 ж. – 12.05.2019 ж. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі;

13.05.2019 ж. – 28.09.2021 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлкекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан  қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;

29.09.2021 ж. – 20.10.2025 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

2025 жылғы 22 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

           

 Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар:

 

2020 жылы «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен марапатталды;

2021 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік медальмен марапатталды;

2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальмен марапатталды.

2023 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Мадиев Ануар Маратович

     Мадиев Ануар Маратович 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі

     Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі істер органдарында, Қазақстан Республикасы Көлік және тасымал министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеді. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Қазыбек би атындағы аудан бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары, кейін Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экспорттық бақылау басқармасының басшысы, содан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Саудалық емес айналым басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 252-ж бұйрығымен 2024 жылғы 12 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Байланыс ақпараты

Телефон

8 (7172) 77-31-37

Электрондық пошта: an.madiev@kgd.gov.kz

 

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Балтабеков Канат Жолтаевич

     Балтабеков Канат Жолтаевич 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін 1996 жылы «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша бітіріп, «Бухгалтер-экономист» квалификациясын алды және екінші жоғарғы білімін 2005 жылы Д.Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «Заңгер» квалификациясын алды.

Еңбек қызметі

1996ж. - 2000 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінде 1 категориялы маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы;

2000ж. – 2003ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінде бөлімдердің бастығы;

2003ж. – 2004ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитеті жеке кәсіпкерлерге кеңес беру және ақпаратты қабылдау өңдеу орталығы бөлімінің бастығы;

2004ж. – 2011ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің басқармасының бастығы, бастығының орынбасары;

2011ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары;

2011ж. – 2017ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаменті Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы;

2017ж. – 2019ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;

2019ж. – 2022ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;

2022 жылғы 21 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалар:

2017 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталды.

 

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Амангелді Ғалымжан Төрегелдіұлы

 

Жалпы ақпарат, білімі

 

Амангелді Ғалымжан Төрегелдіұлы, 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген, қаржы бакалавры академиялық дәрежесі берілген.

 

Мансап

 

2012 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ұйымдастыру және кадрлық жұмыс басқармасының сарапшысы;

2012 ж. – 2015 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің №1 бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасының сарапшысы;

2015 ж. – 2018 ж. - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;

2017 ж. – 2018 ж. - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы;

2018 ж. – 2020 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшы орынбасары;

2020 ж. – 2021 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшы орынбасары;

2021 ж. – 2022 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің Экспорттық бақылау басқармасының басшысы;

2022 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің  ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы;

2022 ж. – 2024 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің  Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы басқармасының басшысы;

2024 жылғы 10 қазаннан бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2024 жылғы 09 қазандағы № 663-ж бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Байланыс ақпараты

Телефон: 8 (7172) 77-31-52

 

Электрондық пошта: g.amangeldi@minfin.gov.kz

                                                                Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

                                                                                                     

                                                                                                                                      Айдын Турганбекулы Сауданбеков

Жалпы ақпарат, білімі

 

Айдын Турганбекулы Сауданбеков, 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1997 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын " экономика және менеждмент " мамандығы бойынша бітірген, қаржы бакалавры академиялық дәрежесі берілген.

Мансап

 

1998 ж. - 2001 ж. - Алматы облысы бойынша Салық комитетінің Ұйғыр ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы;

2001  ж. – 2007 ж. - Алматы облысы бойынша салық комитетінің салық инспекторы;

2007  ж. – 2008 ж. - Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің  Ауәзов ауданы бойынша Салық басқармасының бас салық инспекторы-бас маманы;

2008 ж. – 2009 ж. - Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Іле ауданы бойынша Салық басқармасының бөлімінің бастығы;

2009 ж. – 2010 ж. - Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Талдықорған қаласы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары;

2010 ж. – 2012 ж. - Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Іле ауданы бойынша Салық басқармасының Салық аудиті бөлімінің бастығы;

2012 ж. – 2013 ж. - Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Ұйғыр ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы;

2013 ж. – 2014 ж.- Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Іле ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары;

2014 ж. - Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасының №1 аудит бөлімінің, №3 аудит бөлімінің бас салық инспекторы;

2014 ж. – 2015 ж. - Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы;

2015 ж. – 2018 ж. - Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің Аудит басқармасының басшысы;

2018 ж. – 2019 ж. - Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;

2019 ж. – 2021 ж. - Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары;

2021 ж. – 2022 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің Әкімшілендіру департаментінің директоры;

2022 ж. – 2023 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаментінің директоры;

2023 ж. – 2025 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

14.04.2025 ж. -16.06.2025 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаменті деңгейлес мониторинг басқармасының басшысы;

 

2025 жылғы 17 маусымнан бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 346-ж бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Байланыс ақпараты

Телефон: 8 (7172) 77-31-16

 

Электрондық пошта: a.saudanbekov@kgd.gov.kz