Жарияланған күні: 15.06.2015 18:25
Өзгертілген күні: 29.06.2015 09:53

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық органына мынадай құжаттар табыс етіледі:

      1) фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелері;

      2) қосылған құн салығынан босатуды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарға Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытынды (бұдан әрі-қорытынды);

Бұл ретте, егер келісім шартта осындай тауардың бірнеше жеткізілімі көзделсе, онда Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша ұсынылады, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі ұсынылады.

Қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану мақсатында қорытындыны алу үшін Қазақстан Республикасының кеден органына мынадай ақпарат ұсынылады:

Толық фирмалық атауы, тауарларды КО СЭҚ ТН-нің нақты кіші субпозициясына бір мәнді жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары. Қажет болған жағдайда қорытынды қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары және үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады;

Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа мынадай шарттарды сақтау қажет:

Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің немесе Қазақстан Республикасында шетелдік өкілдік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін – Қазақстан Республикасына дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган келісімінің немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкелу туралы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган рұқсатының көшірмелерін ұсыну.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде импортталған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына Қазақстан Республикасының салық органына:

      1) Қазақстан Республикасында фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелерін;

      2) қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытындыны;

      3) Тапсырыс беруші мен импорты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шартты  ұсынады.

Тауарлар (материалдар, жабдықтар, шикізат және жинақтаушылар) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық техниканы қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару үшін импортталған жағдайда Қазақстан Республикасының салық органына мынадай құжаттарды:

      1) фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмелерін;

      2) қосылған құн салығын төлеуден босатуды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кеден органы беретін қорытындыны ұсыну қажет.»;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      «11. Осы Ереженің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, және 10-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар босатуды беруге байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.

Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарларды денсаулық сақтау субьектілері Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияға пайдалануы тиіс.

Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасындағы медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сәйкес келмейтін мақсатта пайдаланған жағдайда мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.».

Осы Ережеге 3-қосымша алынып тасталсын.