Жарияланған күні: 24.06.2015 16:37
Өзгертілген күні: 29.11.2016 16:35

Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

Өткен жылы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен МКК республика аумағында «Түбіртекті талап етіп жүлде ұтып ал» атты акциясын өткізген. Оның аясында 200-ден аса жүлде, оның ішінде бас жүлде – Chevrolet маркалы автокөлігі ұтысқа салынып, өз иелерін тапты.  

Азаматтар акцияға қатысуы үшін сатып алған тауар, қызмет немесе жұмыс бойынша фискалды чектарды мемлекеттік кіріс органдарына беруі керек еді.

Республика бойынша акцияға 2 млн. аса адам қатысып, 10 млн. аса Түбіртекті жіберді.

Акцияны өткізу нәтижесінде заңнан тыс жұмыс істеп келген 9 мыңнан аса жеке кәсіпкер салықтық тіркеуге қойылды, 8 мыңнан астам бақылау кассалық аппараттар тіркелді.

Қазақстандықтар өздерінің белсенді әрекеті арқылы көлеңкелі экономика көлемінің азаюына және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестіктің дамуына өз үлестерін қосқандығын атап өткен жөн.

Ол осы жылы да МКК азаматтарымызға салықтық заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатыса отырып, бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік беретіндігін жария етті.

Мәселен, ағымдағы жылғы 1 қазанда «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен МКК «Түбіртекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясын бастайды.

Оның мақсаты азаматтардың товар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Өткен жылғы акция әрбір аймақта бөлек және түрлі нысандарда өткізілген. Бір жерде Түбіртектер WhatsApp қосымшасы арқылы қабылданса, енді бір жерде қағаз лотерея билеттеріне ауыстырылып, жеңімпаздар лотерелық барабан арқылы анықталды.

Оның қортындыларын жасаған кезде біз акция болашақта автоматтандырылып, орталықтанған сипатта өтетінін уәде еткенбіз.

Сондықтан осы жылғы акция «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы  арқылы өткізіледі.

Бұл мобилді қосымша таза қазақстандық өнім болып табылады. Отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды Түбіртектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Іс-шара ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. 

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Жүлделер бизнес-қауымдастықпен ұсынылып отыр.

Ұтыс жеңімпаздары Түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп түбіртек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. 

Қайталанып жіберліген түбіртектер ұтысқа қатыспайды.

Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанында құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссиялар құрылады.