Жарияланған күні: 27.02.2017 12:04
Өзгертілген күні: 28.02.2017 14:37

2017 жылғы 24 ақпан күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі (бұдан әрі - ЭҚТ) елорданың Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кредитті мақсатсыз пайдалану мен заңсыз ойын бизнесіне және шетелге заңсыз капиталды шығару мәселелері бойынша кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді.

Тергеу тәжірибелері көрсеткендей, кәсіпкерлер, қаржы институттары мен квазимемлекеттік сектордан бөлінетін бюджеттік кредитті алғанда қаражатты мақсатты бағытқа қолданбайды, сол арқылы саналы түрде мемлекетке зиян келтіріп, басқа да қаржылық операцияларды қасақана әрекет етеді. Қылмыстық сөз байласу фактілері бойынша қарыз алушы бағалаушы немесе сақтандыру компанияларының сонымен қатар, банктердің қызметкерлерімен заңсыз іс-әрекеттер арқылы ықпал етеді. Бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 243, 251-баптарында қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделген, «банктің ақшасын заңсыз пайдалану» және «жеке бағалаушылардың өкілеттігін теріс пайдалану» бойынша құқық бұзушылық ретінде сараланады.

Астана қаласы бойынша МКД ЭҚТ кейбір қарыз алушылардың бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілеріне қатысты аяқталған бірқатар істерге тоқталды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ дәнді дақылдар сатып алуға бөлінген қаражаттын толығымен мақсатсыз пайдаланып, мемлекетке 490 млн. теңге шығын келтіргені үшін «Зеренді-Астык» ЖШС-ның басшысы қылмыстық жауапқа тартылған.

Сондай-ақ, бюджет қаражатын жиһаз цехын салу үшін деп банкке көрінеу жалған құжаттар ұсынғаны үшін «Қазына СР» ЖШС-ның директоры айыпты деп танылған. Ал, нақты ақша жеке басының қамы үшін қымбат мүлік сатып алуға жұмсалған.

Осы санаттағы қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың, көлемі 2 млрд. теңгеден астамы өтелді.

Бүгінгі күнде, шетелге заңсыз капиталды шығару әрекеттері басты назарға алынған. Қазақстаннан соңғы 10-15 жыл ішінде шамамен 100 млрд. теңге сыртқа шығарылған. Қаражатты қалыптасқан үрдіс схемасы бойынша, қазақстандық компаниялар валюталық бақылаудан айналып кедергісіз шығаруда, шетелдегі жалған делдалдарға тауарлардың жеткізгені үшін деп қаражатты аудару арқылы жүргізген.

ҚР ҚМ МКК ЭҚТ шетелге капиталды шығаруға қарсы тұру шеңберінде ҚР Ұлттық банкімен және ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетімен тиісті келісімдер жасалынған. Сонымен, ҚР Ұлттық банкі тарапынан берілген мәліметтер бойынша 22 іс тіркеліп, «ұлттық және шетел валютасында шетелден қаражаттың қайтарылмауы» ҚР ҚК-нің 235-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің өндірісінде жүргізілуде.

Заңсыз ойын бизнесі елімізде жоғары деңгейдегі көкейтесті мәселе болып табылады.

ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдарын тек Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында ғана орналастыру рұқсат етілген. Бұл аймақтардан тыс аумақтарда ойын бизнесін ұйымдастыру заңсыз болып табылады.

Ойын мекемелері, тотализатор кассалары немесе букмекер кеңсесі тұрғын емес үй-жайларда орналасуы тиіс. Тұрғын үйлердің жертөле үй-жайларында (тұрғын ғимараттарда), өнеркәсіптік кәсіпорындар ғимараттары мен олардың кешендерінің және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттік органдардың ғимараттарында және мекемелерінде, білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау, мәдениет, әуежайлар, вокзалдар, қоғамдық көліктің барлық түрлерінің қалалық және қала маңындағы қатынас станциялары мен аялдамаларында олардың орналасуына тыйым салынады.

Үй-жайларда немесе ғимараттарда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру немесе ашу, сондай-ақ ойын жабдығын ұйымдастыруды ұсыну және заңсыз ойын бизнесін (ұйымның) өткізуге бәс тігуді жүзеге асыру рұқсат етілмеген.

Осыған байланысты, Астана қаласы бойынша МКД ЭҚТ ойын бизнесі туралы заңнаманың талаптарының сақталуы бойынша іс-шараларға сәйкес бұзушылықтарды анықтау тұрақты негізде жүргізіледі.

2016 жылы осы санаттағы 14 қылмыстық істер сотқа жіберілді. Жедел-тергеу іс-шаралар аясында 3 млн. теңгеден астам, 1 400 АҚШ доллары, 171 жүйелік блок (компьютерлер), 160-тан астам дана лотерея терминалдарын, сондай-ақ ноутбуктер, ресиверлер видеорегистраторлар, кейстер ойын фишкалары, ойын карталары, теледидарлар, мониторлар, ойын аппараттары, покер түбіртектерін беру үшін үстелдер тәркіленген.

Қазіргі уақытта ойын бизнесі саласындағы қылмыстылықты төмендету жұмыстары бойынша және алдын-алу мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл белсенді түрде интернет-сайттар ұсынатын құмар ойындарына қатысу мен осы салаға бақылау күшейтілген, атап айтқанда, онлайн-казино қызметіне республика аумағында тыйым салынды.

Үй-кафелер, сауда орталықтары және дүкендерде құмар ойындарын заңдастырылған түрі ретінде лотерея билеттерін сату бойынша немесе ойын автоматтарын орнату арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар әр түрлі схемаларды әзірлейді.

Отырыс соңында заңсыз ойын және лотерея терминалдарын үй-жайлардың меншік иелерімен келісім-шарттар негізінде орнатуға байланысты түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, бизнесті тексеруді қорғау мақсатында, интернет-ресурстары арқылы шетелдік бизнес-серіктестеріне, фирмалардың тіркелген заңды мекен-жайының болуын, банктердегі шоттарына, тіркелген оффшорларына назар аударуды және т.б. сұрақтар қарастырылды.

Талқылыланған тақырыптар бойынша қызықтырған барлық сұрақтарға кеңінен жауаптар берілді. Өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы бойынша 2017 жылға бірлескен іс-шаралар пысықталды.