
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша:
1) бюджетке салықтық берешек болмаған кезде осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне;
2) құрылымдық бөлімшесі (құрылымдық бөлімшелері) бар заңды тұлға болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша - осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) салықтық берешегін өтеу есебіне;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша - осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша заңды тұлғаның салықтық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.