
ҚР аумағында модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып ақшалай есеп айырысулар қолданылмайды:
1) жеке тұлғалардың;
2) жеке сот орындаушыларының, адвокаттар мен медиаторлардың;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің;
6) екінші деңгейдегі банктердің;
7) діни бірлестіктердің;
8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторының ақшалай есеп айырысуларына;
9) арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларға қолданылмайды.