
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2024
жылғы 19 тамыздағы № 278
бұйрығы.
Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелудің
кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-
бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1)
тармақшасына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі –
Шарт) 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін, сондай-
ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын
қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен бидай
(Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар
номенклатурасының коды: 1001) әкелуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі
мерзімге тыйым салу енгізілсін.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚазақстанРедакциялау күні
19.08.2024
Сақтау күні
21.08.2024
Дата редакции
19.08.2024
Дата скачивания
21.08.2024
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-
қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы
бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар
қабылдасын.
- «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль, су және теміржол
көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34251 болып тіркелген) Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 125
бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық
азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа
енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров