Жарияланған күні: 05.09.2024 18:00
Өзгертілген күні: 05.09.2024 18:04

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.М.Есембековпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу кестесіне сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында «Астана жаңа-қала» Мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметшілері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша түсіңдірме жұмыс өткізілді.

Түсіндірме жұмыс өткізу барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі № 116-VIII ҚРЗ Заңы,  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгеріс - "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу» бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтыны туралы" қолданысқа 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап енгізілетіні жеткізілді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну қажет талабы талаптар қойылған.

Мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен белгіленген қызметтік әдеп стандарттарын, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға міндетті.